Өткізу күні: 30 қазан 2025 ж.
Уақыты: 10:30
Аудитория: В509
Тақырыбы: «Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін өткізуде интерактивті қосымшаларды қолдану
Өткізуші: «ӘГПжДТ» кафедрасының ALT ассоц.профессоры М.Ж.Кундакова
Мақсаты:
Бұл мастер-класс білім беру процесінде интерактивті цифрлық қосымшаларды тиімді пайдалану арқылы студенттердің сыни ойлауын дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын көрсетуге бағытталды.
Мазмұны:
М.Ж. Кундакова өз тәжірибесімен бөлісе отырып, келесі интерактивті құралдарды қолданудың жолдарын көрсетті:
- Mentimeter — студенттердің ой-пікірін жылдам жинауға, викториналар өткізуге;
- Kahoot — пәндік білімді ойын түрінде бекітуге;
- Padlet — топтық жұмыс пен пікір алмасуға;
- Quizizz — тест тапсырмаларын тартымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мастер-класс барысы:
Қатысушылар теориямен қатар практикалық тапсырмалар орындады. Олар интерактивті платформалар арқылы сұрақтарға жауап беріп, виртуалды пікірталасқа қатысты. Бұл әдістер студенттердің қызығушылығын арттырып, оқу материалын жақсы меңгеруге ықпал ететіні атап өтілді.


