Select Page

ALT Университетінің «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасында 15.04.2026ж. қауымдастырылған профессор Джумагалиев Т.К. қатысуымен студенттерге арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шара «Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні аясында өтті.

Шеберлік сыныбының тақырыбы – «Машина уақытын, еңбек шығындарын және жалақыны есептеу» болды. Сабақ барысында студенттер құрылыс өндірісіндегі технологиялық есептеулердің ерекшеліктерімен танысып, еңбек ресурстары мен техника уақытын жоспарлау бойынша практикалық мәліметтер алды.

Іс-шара барысында қатысушылар құрылыс өндірісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер, технологиялық процестерді тиімді жоспарлау және өндірістік есептеулер жүргізу әдістері жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар студенттер тәжірибелік тапсырмалар орындап, кәсіби бағыттағы сұрақтарына жауап алды.

Шеберлік сыныбы студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға және болашақ мамандардың өндірістік дайындық деңгейін көтеруге бағытталды.

Skip to content
Приемная комиссия