Select Page

2025 жылдың 22 мамырында Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылының №36 орта мектебінде 11 сынып оқушыларымен (33 оқушы, оның ішінде 11 «ә» сыныбында 21 оқушы, 11 «б» сыныбында 12 оқушы)кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Бітіруші сыныптар арасында ақпараттық-насихаттық, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды. 

11-сынып оқушылары АЛТ университетінің мамандықтары туралы проспектілермен және ақпараттармен қамтамасыз етілген жұмыстарға дән риза болды.

Олар белсенді түрде қатысып, сұрақтар қойып, университетімізге түсудің қызықты тұстарын бірге талқылады.

Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылындағы №36 орта мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымы мектепте жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстарына, өскелең ұрпақтың болашақ мамандығын таңдауына ықпал ететін осындай өзекті шаралардың өткізіліп жатқанына ризашылығын білдірді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырған №36 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Унаева Шайгүл Базтайқызына және 11 сынып жетекшілеріне өз атымнан және университет атынан алғысымды білдірдім. 

Skip to content
Приемная комиссия