Select Page

13.12.2024 ж. сағат 09:30-да, 3215 аудиториясында, Жалпы инженерия кафедрасы «PERI Kazakhstan» ЖШС техникалық бөлімінің бастығы Марчук Александрдың «Құрылыс саласындағы цифрлық шешімдер» тақырыбында қонақ лекциясын өткізді.

Лекция барысында студенттер құрылыс саласында цифрлық технологиялардың қолданылу ауқымымен танысып, заманауи құрылыс жобаларын жүзеге асыруда қолданылатын инновациялық шешімдер туралы тың ақпараттар алды. Марчук Александр өз тәжірибесімен бөлісіп, құрылыс процестерінің цифрландырылуының тиімділігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жайлы терең түсінік берді. Сонымен қатар, цифрлық құралдардың жобалау мен басқарудағы рөлін, сондай-ақ болашақта осы саланың даму бағыттарын талқылады. Бұл лекция студенттер үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Приемная комиссия