М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының қызметкері Баймұханбетов Бақытбек Қуандықұлын рукопашный жекпе-жектен өткен Әлем чемпионатында I орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ұжым үшін ғана емес, бүкіл университет қауымдастығы үшін зор мәртебе! Сіздің бұл жеңісіңіз – кәсібилік, төзімділік және нағыз спорт шеберлігіңіздің айқын дәлелі. Еліміздің көк байрағын халықаралық аренада желбіретіп, ALT Университетінің абыройын асқақтатып келесіз.
Сіздің спорттағы табысыңыз тек жарыстағы жетістік емес, бұл – жастарға, студенттерге, әріптестерге жігер берерлік үлгі. Сіз – рухани, физикалық және кәсіби мықтылықтың көрінісісіз. Жеңіске деген сеніміңіз, еңбекқорлығыңыз және ұлт намысы үшін төккен теріңіз – мақтанышпен айтылады.
ALT Университеті сіздің осы жетістігіңізді ерекше атап өтеді. Біз сізбен мақтанамыз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратыныңызға сенеміз!
Шын жүректен жеңісіңіз құтты болсын!
Жаңа жетістіктер, зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен серпін тілейміз!
ALT Университеті әкімшілігі және ұжымы