22.12.2025ж. Сәулет-құрылыс инженериясы кафедрасының оқытушысы Т.Дюсенгалиева «Автомобиль жолдарын пайдалану» пәнінен емтихан қабылдады. 6В07130-Автомобиль жолдары және аэродромдар білім бағдарламасының АДА-22-1,2 топ студенттері кейс-тапсырма: «Қыста жолдарды пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша емтихан тапсырды. Топ студенттері өздерінің кейс-тапсырмаларын презентация жасап қорғады. Кейс тапсырмасын орындау нәтижесінде білім алушылар қыста жолдарды пайдалану кезіндегі мәселелерді талдап, заманауи тиімді шешімдер ұсынды.


