Select Page

Өткізу орны: Студенттер үйі
Тақырыбы: «Радиотехнологиялар — шамнан лазерге дейін»

Инновациялар мен ұрпақтар сабақтастығы

Студенттер үйінде «Радиотехнологиялар — шамнан лазерге дейін» тақырыбында «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының күні өтті.
Іс-шара қазіргі заманғы байланыс, электроника және лазерлік жүйелердің дамуына қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушыларды біріктірді.

Іс-шараның басты мақсаты — алғашқы электрондық шамдардан бастап бүгінгі таңда телекоммуникация, медицина және өнеркәсіп салаларында қолданылатын жоғары дәлдіктегі лазерлік технологияларға дейінгі радиотехникалық шешімдердің эволюциясын көрсету.

Іс-шараға 6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс студенттері қатысты.

Бұл шара студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе мен идеялар алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.

Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар университеттің брендтік өнімдерімен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Инновациялық кафедра күні студенттердің жоғары дайындық деңгейін және кафедраның радиотехника мен телекоммуникациялар саласындағы айтарлықтай әлеуетін тағы да дәлелдеді.

«Біздің студенттер — ертеңгі күннің технологияларын жасайтын болашақ инженерлер. Радиошамнан лазерге дейін — бұл тек тарих жолы емес, шабыт пен инновация жолы.»

Skip to content
Приемная комиссия