Select Page

Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасының оқытушылары — Мамилов Б.Е., Юсупова Г.М. және Немербаева М.Қ. — ТДМ №17 «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін серіктестікті нығайту» аясында студенттерді АО «Транстелеком» компаниясына танысу сапарына алып барды. Бұл іс-шара ТДМ №17-нің негізгі идеясын — білім беру мекемелері мен өндіріс арасындағы серіктестікті нығайтуды — практикада іске асырудың нақты мысалы болды. Студенттер телекоммуникация саласының жетекші кәсіпорнының жұмысымен танысып, теориялық білімдерін нақты кәсіби ортамен байланыстыра алды. Мұндай ынтымақтастық технологиялар мен тәжірибені алмасуды жеделдетіп, болашақ мамандардың кәсіби дайындығын арттырады.

Автор: Әбдірашит А. Ж.

Skip to content
Приемная комиссия