Select Page

Қасиетті Рамазан айында мейірімділік, қамқорлық және өзара қолдау құндылықтары ерекше маңызға ие. Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің студенттері мен қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындарына арналған қайырымдылық бастама ұйымдастырды.

Ауызашар уақыты жолда қарсы алған жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге студенттер мен университет қызметкерлері ауыз су, ыстық сусындар, құрма және жеңіл тағамдар ұсынды.

Аталған акция Тұрақты даму мақсаттарына да сәйкес келеді. Атап айтқанда:

  • ТДМ №3 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»
  • ТДМ №17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»

Мұндай бастамалар қоғамдағы өзара көмек мәдениетін нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға, сондай-ақ мейірімділік пен бірлік құндылықтарын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

ALT University алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, қоғамның дамуына және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге өз үлесін қоса бермек.

Skip to content
Приемная комиссия