05.03.2025 М.Тынышбаев атындағы ALT университетінде студенттер арасында репродуктивті денсаулық және нашақорлықтың алдын алу тақырыбында маңызды дәріс өтті.
Медицина және психология саласының сарапшылары зиянды әдеттердің ағзаға әсері, олардың алдын алу жолдары және өз денсаулығына күтім жасаудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып берді. Студенттер пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылады.
Болашаққа қамқорлық – өз денсаулығына саналы көзқарастан басталады! Осы маңызды шараны ұйымдастырып, жастардың білімін толықтыруға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.