Select Page

22 қазан 2024ж. Еліміздегі Ұлы мереке – Республика күніне байланысты «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» деген тақырыпта М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті қабырғасында әдеби-танымдық кеш  болып өтті. Іс-шара «Language Education» кафедрасы тәрбие жұмысы бойынша жауапты Досжанова Г.Н., топ жетекшілері: Амренов С.Б., Есжанова Г.К., Қаламбаева Г.А. ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында болып өтті. Іс-шара Әнұраннан басталып, баяндама слайдтар, бейне-роликтер көрсетіліп, кеш әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, іс-шара өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі – биік, Туымыздың тұғыры – берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Приемная комиссия