БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында Республика күніне орай ОПП ұйымы мен DS басшылығының ұйымдастыруымен ДС-1, ДС-2, ДС-3 және ДС-4 студенттер үйлері арасында мерекелік спорттық эстафета өткізілді!
Іс-шараның басты мақсаты — студенттер арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және жастардың бойында командалық рух пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Эстафета барысында студенттер өздерінің ептілігін, жылдамдығын, төзімділігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Әр команда жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салып, бір-біріне қолдау білдіріп, нағыз командалық рухтың үлгісін танытты. Жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсті.
🏆 Эстафета қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 I орын — №1 студенттер үйі
🥈 II орын — №4 студенттер үйі
🥉 III орын — №3 студенттер үйі
🏅 Гран-при — №2 студенттер үйі!
Жарыс нәтижесі қатысушылардың дайындығы мен командалық бірлігін айқын көрсетті. Әрбір команда өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жеңіске деген жігері мен табандылығын дәлелдеді. Мұндай спорттық іс-шаралар студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене белсенділігін арттыруға және университеттегі достық пен ынтымақтастық атмосферасын нығайтуға ықпал етеді.
Автор: Қадырбек Айзада


