2026 жылдың 13–14 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті базасында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары қатысқан айтулы додада «6B11236 – Еңбекті қорғау және қоршаған ортаның қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері университетіміздің намысын лайықты қорғады.
Қарқынды бәсекелестік жағдайында «Жалын» командасы өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында жоғары теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларын көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды.
Команда құрамында:
-
Кәрібай Айым (ОТ-23-1қ тобы);
-
Селібай Назым (ОТ-24-1қ тобы).
Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Дюсембин Ербол Ануарбекович.
Студенттеріміз бен ғылыми жетекшіні осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз және жаңа белестер мен кәсіби табыстар тілейміз!


