РТ кафедрасы 10.12.2025 жылы
«IoT іс жүзінде: Teltonika GPS-трекерлері көлік пен логистиканы қалай өзгертуде» тақырыбында қонақтық дәріс ұйымдастырды.
Қонақ лекторлар:
Архабаев Альжан — Teltonika компаниясының IoT инженері;
Ержан Асел Ануарқызы — Satbayev University қауымдастырылған профессоры.
Заттар интернеті (IoT) — бұл нақты уақыт режимінде деректерді жинайтын, жеткізетін және өңдейтін өзара байланысқан физикалық құрылғылардың (датчиктер, контроллерлер, дрондар, өнеркәсіптік түйіндер) экожүйесі. Бүгінгі таңда IoT цифрлық трансформацияның негізгі технологияларының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта IoT өмірдің барлық дерлік салаларында қолданылуда, алайда ең белсенді дамып отырған бағыттар мыналар:
– Өнеркәсіп (IIoT): болжамды техникалық қызмет көрсету, цифрлық егіздер, сапаны бақылау;
– Ақылды қалалар: жарықтандыру, автотұрақтар, экология, бейнебақылау;
– Көлік және БПЛА: телеметрия, M2M-байланыс, автономдылық;
– Энергетика: smart grid, есепке алу және жүктемені басқару;
– Денсаулық сақтау: тағылатын датчиктер, қашықтан мониторинг;
– Ауыл шаруашылығы: дәлме-дәл егіншілік, топырақ пен климатты бақылау.
Дәрісті студенттер де, профессор-оқытушылар құрамы да үлкен қызығушылықпен тыңдап, түрлі интерактивті іс-шараларға белсенді қатысты. Қонақтарға мазмұнды, көлемді әрі танымдық лекциясы үшін алғыс білдіреміз!


