3 сәуір күні «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Студенттер үйінде аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күніне орай Кафедра күнін өткізді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұлғалық дамуды қолдау.
Кафедра күні аясында Қ. Мұңайтпасовтың ерлігі мен табандылығы жастарға үлгі ретінде дәріптелді. Бұл бастама студенттердің патриоттық рухын көтеріп, көшбасшылық, жауапкершілік және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Шараға АУ-25-1 тобының студенттері ерекше белсенділікпен қатысты.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына негізделген:
-
3-мақсат (Салауатты өмір және әл-ауқат): Спорттық жетістіктерді үлгі ете отырып, жастар арасында белсенді өмір салты насихатталды.
-
4-мақсат (Сапалы білім беру): Студенттердің коммуникативтік және тәрбиелік дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлінді.
-
17-мақсат (Мақсаттар жолындағы серіктестік): Оқытушылар мен студенттердің бірлескен жұмысы арқылы ортақ құндылықтар ортасы құрылды.
Кафедра күні — жастарды білімді, белсенді әрі жауапты маман ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік алаң.


