Студенттер СИБ-25-1к және СИБ-25-2к топтарымен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қаракөз» спектаклін тамашалады.
Іс-шара барысында студенттер қазақ драматургиясының көрнекті туындыларының бірімен танысып, махаббат, адамгершілік, салт-дәстүр және қоғамдық құндылықтар тақырыптарының терең мағынасын түсінуге мүмкіндік алды. Қойылым көрермендерге автордың көркемдік идеясын және ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жан-жақты сезінуге ықпал етті.
Аталған мәдени шара студенттердің рухани-адамгершілік дамуына оң әсерін тигізіп, мәдени таным көкжиегін кеңейтіп, театр өнеріне деген қызығушылығын арттырды. Спектакльден алған әсерлер студенттердің ұлттық мәдени мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.


