20 мамыр күні УС-ИС-25-1к және УС-ИС-25-2р топтарының студенттері қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің үй-музейіне танымдық экскурсия жасады. Іс-шараның мақсаты – студенттердің әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және рухани дүниетанымын кеңейту болды. Экскурсия барысында студенттер Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы тың ақпараттармен танысты. Сонымен қатар жазушының жеке қолданған заттарын, қолжазбаларын, кітаптарын, фотосуреттері мен тарихи құжаттарын тамашалады. Әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихы мен қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Музейдегі тарихи атмосфера студенттерге қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тереңдігін сезінуге мүмкіндік берді. Осындай мәдени-танымдық экскурсиялар жастардың рухани дамуына, тарихи санасының қалыптасуына және ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне үлкен әсер етеді.


