Select Page

Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты — «Сапалы білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2026 жылдың 8 сәуірінде М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінде эдвайзерлерге арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының сениор-лекторы Манат Қанағатов жүргізді. Ол Абай Құнанбайұлының адамгершілік философиясы — жаһандану дәуіріндегі ұлттық тәрбиенің негізгі бағдары екенін атап өтті.

«Толық адам» ілімінің негізгі үш тірегі талқыланды:

  • Ыстық қайрат — мақсатқа жетудегі қажырлылық пен жігер;

  • Нұрлы ақыл — ізгілікке бағытталған салауатты сана;

  • Жылы жүрек — мейірім, әділет және рақымның ұясы.

Жиын соңында қатысушылар «Адал азамат» ұлттық идеалын қалыптастыруда Абай мұрасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Skip to content
Приемная комиссия