2026 жылғы 1 сәуірде ALT Университетінің «IT-Энергетика» мамандығының 2-курс студенттері куратор-эдвайзер Н.Қ. Тасыбаеваның жетекшілігімен ҚР Ұлттық музейіне танымдық экскурсия жасады.
Бұл сапар студенттердің кәсіби білімін рухани-мәдени дүниетаныммен ұштастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Музей экспозициялары арқылы білім алушылар еліміздің бай тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып, өткен мен бүгіннің сабақтастығын сезінді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің жан-жақты дамуына және тарихи санасының қалыптасуына үлкен үлес қосады. Бұл ТДМ 4 (Сапалы білім) және ТДМ 11 (Мәдени мұраны сақтау) мақсаттарына толық сәйкес келеді.


