ALT University және Xi’an University of Architecture and Technology (XAUAT, Қытай) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ALT University делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань қаласына сапары аясында Xi’an University of Architecture and Technology (西安建筑科技大学) университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл университет сәулет, қала құрылысы және экологиялық технологиялар саласына маманданған Қытайдың жетекші инженерлік-сәулет жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет өзінің мықты ғылыми мектептерімен, инновациялық жобаларымен және белсенді халықаралық ынтымақтастығымен танымал.
Бұл келісім сәулет, құрылыс және инженерлік жүйелер салаларындағы бірлескен білім беру және зерттеу жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Алдағы уақытта академиялық алмасу бағдарламаларын дамыту, сәулет, құрылыс және ақылды көлік технологиялары салаларында бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ құрылыс саласындағы энергия үнемділігі мен тұрақты дамуға бағытталған зерттеу бастамаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
ALT University ғылымды, білім мен индустрияны біріктіре отырып, болашақ инженерлерді даярлау үшін халықаралық әріптестігін кеңейтуді жалғастыруда


