Select Page

2025 жылғы 28-29 сәуір аралығында Алматы қаласындағы КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ДИЗАЙН АКАДЕМИЯСЫНДА «Сәулет, Құрылыс және Дизайн» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 1-секцияға — «Құрылыс саласындағы дәстүрлер мен инновациялар» — қатысу үшін М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік құрылыстары» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі, «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы бойынша: РФ ЖАК техника ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ PhD докторы, ҚР ЖЖжЖБМ қауымдастырылған профессоры (доцент) Бондарь И.С. бірінші және үшінші курс студенттерінен (12 адам) құралған топ дайындады. Олар келесі тақырыптарда баяндама жасады:
– «Зертханалық жағдайда көпір аралық құрылымдарының кернеу-деформация күйін зерттеу әдістемесі»;
– «Жол төсемін жөндеуде құйма асфальттың жоғары көлік жүктемесі жағдайындағы тиімділігін бағалау»;
– «Теміржол үйінділерінің топырағының динамикалық қасиеттерін тәжірибелік зерттеу»;
– «Жылу өткізгіш құбырларды жылуоқшаулау технологиясындағы нанотехнологиялар»;
– «Қазақстан Республикасының жол құрылысына арналған нанотехнологиялар: шолу және болашағы»;
– «Биік ғимараттардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету»;
– «Сейсмикалық аудандардағы ғимараттар, көпірлер мен көлік тораптары үшін сейсмоизоляторлар мен демпферлік құрылғылар» және т.б.

Skip to content
Приемная комиссия