Select Page

2026 жылғы 14 сәуірде сағат 10:30-да М. Тынышпаев атындағы ALT University базасында «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен теміржол тасымалдары саласының өкілі қатысқан қонақ дәріс өтті.

Дәрісті Боранова Нуршат Оразбековна — «КТЖ Грузовые перевозки» ЖШС (Алматы қ.) Есеп айырысу орталығының жетекші инженер-технологы жүргізді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Айпенов Ж.С.

Дәрістің негізгі аспектілері:

  • Тасымалдау құжаттарын рәсімдеу ережелері;
  • Ішкі және халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру кезінде жүк құжаттарын дұрыс дайындау және толтыру талаптары;
  • Жүк тасымалы тарифтерін қалыптастыру мәселелері;
  • Тасымалдау құн есептеу тәртібі және оны теміржол бөлімшелері арасында бөлу қағидаттары.
  • Жүк ағындарын басқарудың заманауи тәсілдері, соның ішінде кодтау жүйесін пайдалану арқылы вагондар мен контейнерлерді бағыттар бойынша бөлу әдістері.

Дәріс практикалық бағытта өтіп, студенттердің теміржол тасымалдарын ұйымдастыру саласындағы білімдерін тереңдетуге және салалық компанияларда қолданылатын нақты құралдармен танысуға мүмкіндік берді.

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:
• ТДМ 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу:
Студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту және көлік-логистика саласына білікті мамандар даярлау.
• ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: Көлік инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуі, тасымалдау үдерістерін цифрландыру және логистикада заманауи технологияларды енгізу бойынша білім қалыптастыру.

Skip to content
Приемная комиссия