Select Page

2023 жылдың 18-қыркүйегінде «Логистика және көлік Академиясы» базасында салауатты өмір салтын сақтау аясында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға қонақ ретінде Аралас жекпе-жек спортында айтарлықтай нәтиже көрсетіп, еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген Азиялық деңгейдегі “Octagon” лигасының жауынгері Бекзат Алмахан, Лиганың бас менеджері жас спортшыларға өз қолдауын білдіріп жүрген Еламан Сейтхан, “NAIZA MMA” лигасының жауынгері Еламан Шертаев келіп, жастармен көптеген ақпараттармен бөлісті. Спортшыларымыз жалпы тақырып аясында түрлі әңгіме өрбітіп, спортпен шұғылдану, қиындығы мен жетістік жолдарын да сөз етті. Кездесу барысында жастарымыз көкейтесті сұрақтарын қойып, осы сала бойынша керек білімдерін алды.

Іс-шараға Академия студенттері, оқытушылар мен қонақтар қатысып, айтарлықтай деңгейде өтуіне өз септіктерін тигізді.

Приемная комиссия