Select Page

2026 жылғы 11 ақпанда Студенттер үйлерінде (ДС 2–4) «Некеге дейінгі қарым-қатынас: денсаулық, жауапкершілік және саналы таңдау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара Nur Lab Medical Clinic медициналық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Консультациялық жұмыстарды мейірбике Аягүл Жаңабайқызы Бегдаирова жүргізді.

Кездесудің мақсаты: Студенттерге некеге дейінгі қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми, медициналық және психологиялық тұрғыдан сенімді ақпарат беру.

Кездесу барысында талқыланған негізгі мәселелер:

  • Репродуктивті денсаулық және оны сақтау жолдары;

  • Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу;

  • Ерте жүктіліктің медициналық және әлеуметтік салдары;

  • Контрацепция түрлері және оларды қауіпсіз қолдану;

  • Жеке шекара, өзара келісім (consent) және құрдастар қысымына қарсы тұру.

Кездесу форматы: Шара еркін форматтағы сұрақ-жауап, құпия түрде жеке кеңес алу мүмкіндігі және ақпараттық жадынамалар таратумен ерекшеленді. Барлық сұрақтардың құпиялығы толық сақталды.

Skip to content
Приемная комиссия