Select Page

28 сәуір күні университет қабырғасында білім мен зерденің, тапқырлық пен стратегияның шынайы алаңына айналған «SANAQ» зияткерлік шоуының финалдық кезеңі өтті. Алматы қаласының ең үздік студенттері бас қосқан бұл дода — жай ғана сайыс емес, ой мен идеяның мерекесі болды.
«Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен жоба өз мәресіне жоғары деңгейде жетті. Қатысушылар логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командалық үйлесімділік арқылы өз білімдерін жан-жақты дәлелдей алды.
Бұл жоба — тек жеңіс пен жүлде ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамудың маңызды құндылықтарын насихаттайтын алаң. «SanaQ» зияткерлік шоуы:
— сапалы білім мен өмір бойы оқуға бағытталған ТДМ 4 (Сапалы білім) қағидаттарын,
— жастар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту арқылы ТДМ 17 (Мақсаттар үшін серіктестік) бағыттарын,
— жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беру арқылы ТДМ 8 (Лайықты жұмыс және экономикалық өсу) мақсаттарын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Гран-при — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
1-орын — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
2-орын — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
3-орын — М. Тынышбаев атындағы ALT университеті
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Әр қатысушы бұл кеште өз білімінің шекарасын кеңейтіп, жаңа белестерге қадам жасады.
«SanaQ» — бұл тек интеллектуалдық ойын емес. Бұл — болашақ көшбасшылардың қалыптасу алаңы.

Skip to content
Приемная комиссия