Select Page

20 мамырда Shin-Line компаниясының бизнес-жаттықтырушысы Антон Лавриненко «Сапалы білім» бағдарламасының бітіруші курс студенттері үшін мотивациялық шеберлік сабағын өткізді.

Бағдарламада қарастырылған тақырыптар:

  • Оқудың құпиялары: біз неге жалқаумыз және оны қалай жеңеміз
  • Оқу мен жұмыстағы стресс-менеджмент жүйелері
  • Тайм-менеджмент
  • Талдау және шешім қабылдау құралдары

Шеберлік сабағында студенттер:

  • Өзін табу және мансап жолын қалай құру керектігін
  • Әңгімелесу кезінде қалай өзін ұстау керек екенін
  • Стресспен қалай күресу және қалай демалу керектігін
  • Өзін-өзі талдау құралдарын қалай қолдану керектігін үйренді

Сабақта сондай-ақ қызықты ойындар өткізілді. Студенттер шеберлік сабағын өте қызықты әрі пайдалы деп бағалап, алынған білімді өмірде міндетті түрде қолданатындарын айтты.

Skip to content
Приемная комиссия