Select Page

Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының (ЭЧ-19) жөндеу тексеру бөлім бастығы  Айтказин Ерик «Тартылым қосалқы станциясының күш трансформаторларын сынау» тақырыбында 20 ақпан 2026 жылы Электроэнергетика және IT Энергетика оқу бағдарламасы студенттеріне қызықты дәріс өткізді.

Дәріс тек қана танымдық емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан маңызды болды: 3–4 курс студенттері күштік трансформаторлардың нақты жұмыс процесін, сынаудың дәл әдістерінің маңыздылығын түсініп, осы білімді кәсіби қызметте қалай қолдануға болатынын ұғынды.

Бұл тәжірибе тікелей ТДМ 4 – сапалы білім мақсаттарын қолдайды, студенттердің заманауи практикалық білім алып, кәсіби құзыреттерін дамытуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл ТДМ 17 – мақсаттарға жету үшін серіктестік мысалы болып келеді. Өйткені дәріс университет пен саладағы жетекші маман арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асты, бұл академиялық қоғамдастық пен нақты энергетикалық тәжірибені байланыстырады.

Болашақ энергетиктерді оқытуға қосқан үлесі және студенттермен қызықты, жемісті қарым-қатынасы үшін Айтказин Ерикке алғыс айтамыз!

Skip to content
Приемная комиссия