Select Page

2026 жылдың 28 қаңтарында АКТ кафедрасының ұйымдастыруымен «Кафедра күні» мен «Жеке деректерді қорғау күніне» орай «Сенің дерегің – сенің қауіпсіздігің» атты интерактивті іс-шара өткізілді. Іс-шара 4-тұрақты даму мақсаты — «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылып, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне арналды.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• студенттердің жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздік негіздері және ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы білімдерін арттыру;
• пайдаланушы деректеріне (логиндер мен парольдерге) қол жеткізу әдістерімен (фишинг) және олардан қорғану тәсілдерімен таныстыру;
• тақырып бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер арнайы бағдарламалар арқылы фишинг шабуылдарының жұмыс істеу механизмдерін тәжірибелік тұрғыда зерделеді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және практикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шара студенттердің киберқауіпсіздік саласындағы білімін нығайтуға және жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді білім беру алаңы болды.

Skip to content
Приемная комиссия