2025 жылғы 20–25 қараша аралығында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Абдирайымова А.С. Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен ASEEES–2025 конференциясына қатысты.Конференция барысында ол «Public Attitudes and Propaganda of Heroic Labor in Ego and Official Sources: A Case Study of the Kazakh SSR during World War II» тақырыбындағы пікірталас панелінде «Understanding the Past through Examination of Heroic Labour Propaganda among Women of the Kazakh SSR» атты баяндамасын ұсынып, өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды.Конференция аясында шетелдік әріптестермен кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырылып, бұл болашақтағы ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.Іс-сапар барысында АҚШ Конгресс кітапханасында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған кітапхана жаңа ғылыми жарияланымдармен қатар, аса құнды тарихи құжаттар қорын қамтитын мамандандырылған орталықтар мен каталогтарға қолжетімділік ұсынды.


