Select Page

2026 жылғы 19 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті, Логистика және бизнес институтының «Language Education» кафедрасы «Шаңырақ күні: дәстүр мен отбасы құндылықтары» аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Аға ұрпаққа құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада Талғар ауданы, Байсерке ауылындағы «Уют» қарттар пансионатында тұратын зейнеткерлерге азық-түлік және қажетті заттар түрінде көмек көрсетілді.

Тұрақты дамуға қосқан үлесі: Бұл бастама БҰҰ-ның «Теңсіздікті қысқарту» (ТДМ 10) мақсатына тікелей сәйкес келеді. Ол қоғамдағы әлеуметтік инклюзияны нығайтуға, студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға және отбасылық жылулық пен сыйластық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия