2025 жылғы 25 желтоқсанда «Шетелдік Big Tech-компанияда жұмыс істеу» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәріске Huawei компаниясының аға инженері әрі Northern ICPC финалисі — Бейсенхан Бейғұт қатысты.
Дәріс барысында спикер студенттермен Huawei компаниясындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік Big Tech-компанияларға іріктеу және сұхбаттасу кезеңдері туралы жан-жақты айтып өтті. Сондай-ақ табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті негізгі білім мен дағдыларды атап көрсетті. Әсіресе техникалық дайындық деңгейіне, алгоритмдік ойлауға, ағылшын тілін меңгеру деңгейіне, сондай-ақ ICPC сияқты халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында қонақ дәріске белсене қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар табыстады.
Аталған дәріс білім алушылар үшін кәсіби бағдар тұрғысынан аса пайдалы болып, ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мансаптық мақсаттарын айқындауға оң ықпал етті.
Іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ИКТ кафедрасының тағылымгер-оқытушысы Мұхият Мейірге шынайы алғыс білдіреміз.


