2026 жылғы 31 наурызда В213 аудиториясында «Автокөлік құралдары және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы «Практикалық сабақтарды өткізудің инновациялық әдістері: Автомобиль инженериясы және Тұрақты даму мақсаттары №4, 11, 13» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара заманауи симуляторларды қолдану арқылы ұйымдастырылып, қатысушыларға кәсіби ортаға барынша жақын жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Практикалық бөлім аясында студенттер цифрлық модельдермен жұмыс жасап қана қоймай, нақты кейс-тапсырмаларды орындап, оларды қорғады.
Шеберлік сабағын техника ғылымдарының кандидаты, ALT университетінің қауымдастырылған профессоры Токмолдаев Аманжол Бектурсынович жүргізді. Ол инженерлік ойлауды және күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық оқыту әдістерін таныстырды.
Практикалық бөлімге мыналар кірді:
-
симуляторларда көлік және инженерлік процестерді модельдеу;
-
нақты өндірістік жағдайларға негізделген кейс-тапсырмаларды шешу;
-
қабылданған техникалық шешімдерді негіздей отырып, жобаларды қорғау.
Іс-шарада Тұрақты даму мақсаттарына ерекше назар аударылды:
-
ТДМ №4 — сапалы білім беру;
-
ТДМ №11 — тұрақты қалалар мен көлік инфрақұрылымы;
-
ТДМ №13 — климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл және экологиялық шешімдер.
Бұл шеберлік сабағы студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және теория мен практиканы ұштастыруға бағытталған маңызды қадам болды.


