2026 жылғы 23 сәуірде университетіміздің командасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында өткен «Язык есть исповедь народа» атты Республикалық орыс тілі мен сөз өнері байқауында «О, весна без конца и без краю…» тақырыбы аясында университет намысын лайықты қорғады. Байқауға қаланың әртүрлі жоғары оқу орындарынан студенттер қатысып, сайыс бес шығармашылық және зияткерлік кезеңнен тұрды: командаларды таныстыру, мәнерлеп оқу байқауы, шешендік өнер сайысы, тестілеу және викторина.
Қарқынды өткен байқау қорытындысы бойынша университетіміздің командасы жоғары тілдік дайындық деңгейін, эрудициясын, шешендік шеберлігін және шығармашылық әлеуетін көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Команданы дайындаған «Language Education» кафедрасының оқытушылары: Каламбаева Г.А., Есжанова Г.К., Сагырбаева Д.Е., Калкабаева Г.У., Махамбетова С.К. студенттердің жемісті өнер көрсетуіне зор үлес қосты.
Осындай байқауларға қатысу сөйлеу мәдениетін дамытуға және жастардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді.


