Select Page

Құттықтаймыз! Қазылар алқасының шешімімен ALT Университетінің студенті Мұратханқызы Еркежанның жұмысы жоғары бағаланып, талапқа сай деп танылды. Студенттік кезеңде жастар саясатының дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін ол «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының ІІ кезеңіне жолдама алды.

Бүгінгі жастар — ел болашағының берік негізі. Білімге ұмтылыс, белсенділік, жауапкершілік пен азаматтық ұстаным — Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосатын басты құндылықтар. Еркежан Мұратханқызының қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы мен көшбасшылық қасиеттері республика студенттері үшін үлгі бола алады.

Осыған орай, Еркежан Мұратханқызын 2025 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуымен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия