Select Page

Университетіміз өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіреді, орнықты дамудың 17 мақсатын көрсететін экологиялық және әлеуметтік мәселелер өзекті және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді. Осы бағытта ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында 8 желтоқсан 2025жылы «Language education» кафедрасында «Қоғам және гендерлік теңдік» атты студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты: студенттердің қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесіне көңіл аударту, көзқарас пен түсінік қалыптастыру. Бұл іс-шарада білім алушылар қызу пікірталасқа түсті. Пікірталасты кафедра сениор-лекторы Досжанова Г.Н. 1-курс студенттерінің арасында өткізді.

Skip to content
Приемная комиссия