Select Page

2024 жылғы 10 қазанда ALT университетінде студенттерге арналған ағымдағы жылдың ең ірі іс-шарасы  “Студенттерді қабылдау КЕШІ” өтті!

Бұл шараның мақсаты барлық институттарының бірінші курс студенттерін біріктіріп, олардың бір-бірімен жақын араласу мақсатында және олардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жаңа орта құру, көпшілікке танылуына ықпал ету.

Іс-шара тақырыбына жастар талабына сай Голливудтың танымал фильмі “HARRY POTTER” алынды.

Студентерге тақырып аясында 5-этаптық презентация таныстырылды.

Этаптармен танысатын болсақ:

  1. Командаларды таныстыру
  2. Ярмарка
  3. Квест
  4. Спартакиада
  5. Финал

Іс-шараға қатысушыларды 4 командаға бөліп, Олардың лидерлерне жеребе арқылы командалар таңдалды.

Командалар:

  1. Гриффиндор
  2. Слизерин
  3. Пуффендуй
  4. Когтевран

Бүгінгі презентацияға жалпы 500-ден тарта студенттер қатыстырылды

Алдағы уақытта қатысушы командаларға сәттілік!!!

Приемная комиссия