Select Page

2026 жылғы 27 ақпанда Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна «Psycho Express – Mind Help: Жедел психологиялық қолдау моделі» атты жоғары оқу орындары арасындағы іс-шараға психолог-консультант ретінде қатысты.

Іс-шара Университет Нархоз базасында (Алматы қ.) өтті және қала ЖОО психологтарын кәсіби тәжірибе алмасу мен дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша тиімді тетіктерді талқылау мақсатында біріктірді.

Бағдарлама аясында Дария Рахималиевна студенттер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алудың заманауи тәсілдері бойынша семинар-тренингті тыңдап, PsychoExpress форматындағы жедел кеңес беру тәжірибесіне қатысты. Аталған тәжірибе білім алушыларға уақтылы психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Студенттердің менталдық денсаулығы – табысты білім беру үдерісінің және тұрақты, белсенді тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы. Қазіргі таңда психологиялық әл-ауқат мәселелері қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру үшін барлық ЖОО-ның күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Іс-шара барысында университет студенттері мен қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсетілді. Қатысу қорытындысы бойынша Дария Рахималиевнаға Университет Нархоз Президенті Қанат Қожахметтің алғыс хаты табысталды.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға үлес қосады:

  • ТДМ 3 – Салауатты өмір және әл-ауқат;

  • ТДМ 4 – Сапалы білім;

  • ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту.

Skip to content
Приемная комиссия