Select Page

2025 жылдың 23-желтоқсанында “Language Education” кафедрасының оқытушылары Мадениет Нұргүл және Изтаева Жанерке Р-299, P-305 топтарымен “Целинный” мұражайына барып, танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи-мәдени білімін арттыру, ұлттық мұраға деген қызығушылығын қалыптастыру және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру болды. Мұражай қызметкерлері экспозициялармен таныстырып, тарихи деректер мен құнды жәдігерлер туралы толық мәлімет берді.

Экскурсия барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, патриоттық тәрбие беруге оң әсерін тигізді.

Skip to content
Приемная комиссия