Select Page

2025 жылғы 27 мамырда «Coding Club» жобасына қатысушы студенттердің жобаларын қабылдау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Іс-шара барысында ТЭ33А тепловозының СА-3 автотіркегішін жинау үдерісін үйретуге арналған VR-бағдарлама таныстырылды.
Бағдарлама Unreal Engine және Blender бағдарламалары арқылы жасалды. Жобаны жүзеге асыру барысында студенттер келесі жұмыстарды атқарды:

  • Тепловоз компоненттерінің 3D-моделін жасау;
  • Модельдерді виртуалды ортаға интеграциялау;
  • Оқыту сценарийін әзірлеу.

 Қосымша қатысушылар көрсетты:

  • Университеттің коворкинг аймағы бойынша виртуалды тур;
  • Нан зауытына арналған цифрлық экскурсия;
  • Робототехника саласындағы бірнеше жобаны ұсынды.

Комиссия жұмыстың жоғары деңгейде орындалғанын, жобаның практикалық маңыздылығын және инженерлік білім беруде VR-технологияларын енгізудің өзектілігін атап өтті.

Skip to content
Приемная комиссия