2026 жылғы 30 наурызда «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Ө. Қалқабаева «Таза су және санитария» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның 6-шы Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты — білім алушылардың бойында таза су мен санитарияның адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. Сабақ барысында күнделікті өмірде суды үнемдеу мәдениетін тәрбиелеуге және экологиялық жауапкершілікті арттыруға ерекше назар аударылды.


