Select Page

2026 жылғы 2 сәуірде №6 Тұрақты даму мақсаты «Таза су және санитария» аясында 398, 393 және 397 топтарында «Экология. Арал мен Балқаш проблемалары» атты семинар өтті. Language Education кафедрасының сениор-лекторы Салима Алиева Арал мен Балқаш экологиялық дағдарысы — бүкіл Орталық Азиядағы адам іс-әрекетінің әсерінен болған экологиялық апаттың айқын мысалы екенін атап өтті.

Арал теңізі деңгейінің апатты түрде төмендеуіне халық санының өсуі, суармалы жерлердің 2-3 есе ұлғаюы және суды шамадан тыс тұтыну негізгі себеп болды. Іс-шара студенттердің экология туралы білімін тереңдетіп, қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарастарын өзгертті.

Skip to content
Приемная комиссия