23 қарашада Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханасында «Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына» арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» Алматы филиалының және «Шалқар» радиосының аға редакторы Жағыпарұлы Бақыт өткізді. Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми кеңесшісі, «Парасат» орденінің кавалері, философия ғылымдарының докторы Жақыпбек Алтаев, жыршы-термеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Қазақ» радиосындағы «Інжу-Маржан» бағдарламасының авторы Зарлы Қойшығұл Мұстафаұлы. Студенттер кітап көрмесіне барып, танысып, ғалымдармен әңгімелесті. Ғалымдардың ағартушылық әңгімелерінде адам әлемді қаламмен немесе қылышпен жаулап алады делінген. Әл-фараби әлемді қаламмен мойындап, бағындырса, Бейбарыс өз кезегінде қылышпен бағындырды. Логистика және көлік Академиясының студенті Ермек Көркем М. Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Қорытынды бөлімде Академия студенттері өз әсерлерімен бөлісіп, іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырушы т.ғ.к, ассоц профессоры Шамшиева Г.С.