2025 жылғы 19 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау аясында комплаенс-офицер Б. Тулетаев ИЭЦТ-ның 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында комплаенс-офицер болашақ жас мамандарды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеу жөніндегі нормалар мен қағидалармен таныстырып, мемлекетіміздің және Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпарат берді.


