16 сәуір күні университет қабырғасында студенттерге арналған тағылымы мол мотивациялық кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы – университетіміздің түлегі, белгілі бизнесмен, инвестор, меценат Талғат Сақан болды.
Кездесу барысында қонағымыз өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жету жолындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Ол жастарға үлкен армандардан қорықпауға, әрбір қиындықты жаңа мүмкіндік ретінде қабылдауға шақырды.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – спикердің студенттерге деген ықыласы ретінде 50 білім алушыға өзінің авторлық «Миллион қарыздан миллиард табысқа» атты кітабын тарту етуі болды. Бұл сый – тек кітап қана емес, болашаққа бағытталған сенім мен мотивацияның белгісі іспеттес.
Бұл кездесу жастардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына зор үлес қосты. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз үндеседі:
ТДМ 4 – Сапалы білім беру: тәжірибе алмасу арқылы білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берілді.
ТДМ 8 – Лайықты еңбек және экономикалық өсу: кәсіпкерлік ойлау мен еңбекқорлықтың маңызы дәріптелді.
ТДМ 17 – Мақсаттар үшін әріптестік: түлектер мен студенттер арасындағы байланыс нығайтылды.
Осындай кездесулер – жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың үлкен мақсаттарға сеніммен қадам басуына жол ашады.


