Select Page

Кездесу барысында спикер жастарға кәсіптік бағдар беруге, мансаптық дағдыларын дамытуға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған Қалалық мансап орталығының қызметі туралы баяндады. Студенттер жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер, қазіргі еңбек нарығының талаптары және кәсіби жолды табысты бастауға көмектесетін құралдар жөнінде ақпарат алды.

Ақарыс Төребеков жастардың әлеуетін ашуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған Next Generation Leaders мансаптық олимпиадасына ерекше тоқталды. Ол жобаның тестілеу, практикалық кейстерді шешу және жеке сұхбаттан өту кезеңдері туралы айтып берді. Жобаға қатысу жастарға өздерінің кәсіби дағдыларын бағалауға, жұмыс берушілер алдында өзін дұрыс таныстыруға және конкурстық іріктеуден өту тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Кездесу аясында мансаптық бағытты таңдау, бәсекеге қабілетті түйіндеме әзірлеу және жұмыс сұхбатына дайындалу мәселелері де талқыланды. Спикер студенттердің белсенді ұстаным танытуы, кәсіби және жеке құзыреттерін үнемі дамытуы, сондай-ақ оқу кезеңінен бастап практикалық тәжірибе жинақтауы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жұмыс іздеу және мансаптық жолды қалыптастыру бойынша практикалық кеңестер алды.

Осындай кездесулер білім алушылардың мансаптық сауаттылығын арттыруға, жұмыс берушілердің заманауи талаптары туралы түсініктерін кеңейтуге және кәсіби болашағын сенімді жоспарлауға ықпал етеді.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия