2025 жылғы 12 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир ұйымдастырылды. Турнир бағдарламасына сәйкес қол күрестен жарыс өткізіліп, күш-қайраты мен ерік-жігері жоғары үздік спортшылар анықталды.
Жарыс барысында қатысушылар физикалық дайындықтарын, төзімділік пен жеңіске деген жігерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қол күрес сайысы студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ патриоттық рухты нығайтуға зор үлес қосты.
Аталған іс-шара ALT Университетінде бұқаралық спортты дамытуға, жастардың жан-жақты дамуына және тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындайды.
Жарыстың нәтижелері:
+65 келі салмақта:
I орын: Есжан Ерасыл, САДА 25-5к (ТиС)
II орын: Ғазизұлы Харум, АУ 25-1к (ЭиЦТ)
III орын:Уәли Әмір, ИПС 25-1к (ТиС)
65-75 келі салмақта:
I орын: Құтжан Қадырбек, М-25-2к (ТиС)
II орын: Смағұл Нұрали, САДА 25-7р (ТиС)
III орын: Құлмағанбетов Бекмұхан, АЗС 25-3к (ТиС)
75+ келі салмақта:
I орын: Серікұлы Нұрдаулет, ИПС 25-2к (ТиС)
II орын: Сыдық Данияр, СЖД 25-1к (ТиС)
III орын: Матей Мансур, КГ 25-4к (ТиС)
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және салауатты өмір салтын ұстану арқылы өз денсаулықтарыңызды нығайтуға шақырамыз!


