Select Page

2025 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир ұйымдастырылды. Аталған турнир аясында шахматтан жарыс өткізіліп, зияткерлік сайыс барысында үздік ойыншылар анықталды.

Жарысқа қатысқан студенттер логикалық ойлау қабілеттерін, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын және сабырлылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Шахмат жарысы студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, патриоттық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Аталған іс-шара Тәуелсіз елдің жастарын қолдауға, олардың жан-жақты дамуына және университет қабырғасында мазмұнды тәрбиелік жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындады.

Жарыстың нәтижелері:

I орын: Кенжебек Бекжан, ПИИТ 25-2

II орын: Нұрғали Айдын, 11-РЭТ 25С-2к

III орын: Нұрахметов Даниал, ЛО 25-5р

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және салауатты өмір салтын ұстану арқылы өз денсаулықтарыңызды нығайтуға шақырамыз!

Skip to content
Приемная комиссия