Select Page

Тәуелсіздік күні мейрамына орай 19.12.2025 ж. «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сугурова А.Ж. және сениор-лектор Игенбаева Ш.А. Ф-25-1к тобымен бірге Ұлттық банк музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында студенттер еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасу тарихымен, ұлттық валютаның даму кезеңдерімен және экономикалық тәуелсіздіктің маңызымен танысты. Бұл танымдық сапар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби әрі азаматтық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты. Атап айтқанда, ТДМ 4 – Сапалы білім мақсаты студенттердің қаржылық және экономикалық сауаттылығын арттыру арқылы жүзеге асса, ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу ұлттық экономиканың даму тетіктерін түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар Ұлттық банк қызметі арқылы нақты көрініс тапты. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтып, тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуына өз үлесін қоса алатын білікті маман қалыптастыруға жол ашады.

Skip to content
Приемная комиссия