Select Page

Тағы да жеңіс!

Университетіміздің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының қызметкері Баймұханбетов Бақытбек Қуандықұлын ардагерлер арасындағы қолма-қол ұрыс бойынша WORLD CUP FINAL – 2025 жүлделі II орынға ие болып, тамаша жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің қайсарлығыңыз, рухани беріктігіңіз бен шеберлігіңіз осы лайықты жеңістің кепілі болды. Сіз нағыз чемпион үшін жастың кедергі емес екенін, ерік-жігер мен табанды жаттығулардың кез келген шекараны жеңе алатынын дәлелдедіңіз.

Бұл жеңіс тек команда үшін ғана емес, бүкіл университет қауымдастығы үшін де үлкен мәртебе! Сіздің жеңісіңіз – кәсібилігіңіздің, шыдамдылығыңыздың және нағыз спорттық шеберлігіңіздің айқын дәлелі. Сіз көк байрағымызды халықаралық аренада желбіретіп, ALT университетінің абыройын асқақтатудасыз.

ALT университетінің әкімшілігі мен қызметкерлері

Skip to content
Приемная комиссия