Select Page

2026 жылғы 27 сәуірде ALT Университетінің 1-курс студенттері үшін «Mukhamedzhan Tynyshbayev» тақырыбында танымдық викторина ұйымдастырылды. Шараны «Language Education» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Диана Абишева өткізді.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 4 (Сапалы білім) мақсатын жүзеге асыру аясында келесі міндеттерді қамтыды:

  • Тұлғаны тану: Көрнекті мемлекет қайраткері, тұңғыш қазақ инженер-жолшысы М. Тынышбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын дәріптеу;

  • Интеллектуалды даму: Тақырыптық сұрақтар мен логикалық тапсырмалар арқылы студенттердің сыни ойлау қабілетін арттыру;

  • Командалық рух: Командалық жұмыс арқылы студенттердің өзара іс-қимыл дағдыларын нығайту.

Викторина қорытындысы бойынша студенттер Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін тереңдетті.

Skip to content
Приемная комиссия